ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ӨТЕТІН «Nur Suńqar» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«NurOtan» партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін «NurSuńqar» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.

Қазіргі таңда «NurSuńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.
Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады.
Байқау шарты бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 2020 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле жәнерадиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.
Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2020 жылдың 19 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-ге дейін қабылданады.
Жеңімпаздар 9 аталым бойынша анықталады:
• «Телевизия үздігі» – үздіктелевизиялық журналист;
• «Ұшқырқалам» – үздік газет журналисі;
• «Үнжария» – радионыңүздік журналисі;
• «QazNetүздігі» – интернет басылымныңүздікжурналисі»;
• «Партияның «қайтажандануы» бойыншаүздік материал»;
• «Елбасысалғансаражол» – Елбасықызметінүздікжарыққашығарғаныүшін;
• «Блогосфераүздігі» – әлеуметтік желідегіүздікжарияланым;
• «Алғышеп» – Төтеншежағдайдыжарияетубойыншақажырлыеңбегіүшін;
• «Бізбіргеміз» – волонтерлікжұмыстуралыүздіңжарияланым;
Жеңімпаздар Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2020@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша 8 776 777 09 22 нөміріне Сеит Айшолпанға хабарласуға болады.